«ТЫҢДА, ДАЛА, ЖАМБЫЛДЫ!».

«ТЫҢДА, ДАЛА, ЖАМБЫЛДЫ!»

“Жамбыл деген – жай атым,
 Халық - менің шын атым,
 Жай – құйрығым, қанатым,
 Қазақстан – Отаным” – деп, парасаттың биігінде пәрменді жырлары жаңғырған қарт жырау жауынгерлік рухтың жаршысы да бола білген жыр алыбы Жамбылдың  туғанына 175 жыл толуына  орай, Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастырыуымен «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты поэтикалық іс-шара болып өтті.

Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына арналған керемет іс-шара.

Бүгін 24.02.2021 ж. күні ОҚМПУ және М.Әуезов атындағы ОҚУ “Jas Otan” JQ ұйымының белсенді студенттері бірлесіп, Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына арналған  керемет іс-шара өткізді.

КВЕСТ ойыны.

Қайырлы күн, алғыр жастар!

⠀⠀19 ақпан күні сағат 15:00-де ОҚМПУ бас ғимаратында "Sanaly urpaq" жемқорлыққа қарсы технологиялар зертханасы мен Жастар саясаты бөлімі арнайы сіздер үшін КВЕСТ ойынын ұйымдастырады.

⠀⠀Өздеріңізге мәлім, квест тек көңілді емес, сонымен қатар интеллектуалды ойын.

⠀⠀Осыған орай ойынның негізігі ережесі:
▶️дресс код (классикалық үлгіде киіну, ақ-қара) сақталуы;
▶️көтеріңкі көңіл күйде келу;
▶️Сыбайлас жемқорлық жайлы ақпараттану.

"Болашақ" пікірсайыс орталығы өзінің кезекті жұмыстарын қайырымдылық іс- шарасымен жалғамақ!

Қайырлы кеш, жақсылық жасауға жаны құмар, жақсылар!
⠀⠀ОҚМПУ жанынан құрылған, "Болашақ" пікірсайыс орталығы өзінің кезекті жұмыстарын қайырымдылық іс- шарасымен жалғамақ!
⠀⠀Аллаһ қаласа, 28 ақпан күні барша "Болашақ" пікірсайыс ұжымымен Арыс қаласындағы балалар үйіне жол тартпақ ниеттеміз! Балапандардың көңіл- күйін көтеріп, концерт қойып, үлкен ас бергелі жатырмыз! Сіз де қосылыңыз! Жақсылық жасап жарысайық.

⠀⠀КАСПИ ГОЛД
4400 4301 4718 0647
ЖАҢЫЛ БЕГАЛЫҚЫЗЫ
8 771 317 14 08

ОҚМПУ арулары назарына!

ОҚМПУ арулары назарына!

Байқауға:
- 16-25 жас аралығындағы;
- бойы 170-тен кем емес;
- ажары мен ақылы келіскен, бұрымды арулар қатыса алады.

Арнайы кастингтен өткен студент-арулар “Көктем аруы-2021” байқауына жолдама алады.

Кастинг талаптары бойынша сұрақтар үшін төмендегі нөмірге хабарласыңыздар!

+ 7 778 249 58 55

4 мектеп оқушылары ОҚМПУ-да қонақта.

4 мектеп оқушылары ОҚМПУ-да қонақта. Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сыздықова Гаухар Майсуровна кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында, мектеп оқушыларын университет мүмкіндіктерімен таныстыру үстінде.

«Кітап сыйлаймын» блиц-акциясы өтті.

14-ақпан – Халықаралық кітап сыйлау мерекесі болып, 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур - әлеуметтік желінің белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір ұлы Эммиге дәл осы күні "неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?" деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесіне өзіміз куә болып отырмыз. Мереке – халықаралық деңгейге дейін жетті.

ЖАЙДАРМАН.

Армысыздар, әзілсүйер қауым!
⠀⠀Сіздерге керемет жаңалығымыз бар!
⠀⠀1 наурызда Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай "Ұстаз үні - көктем нұры" атты факультетаралық жайдарман ойындарын өткіземіз!
⠀⠀Тіркелу үшін 8-771 625 05 05 нөміріне хабарласыңыздар!  Қажетті мәліметтерді Бас ғимарат, 130-кабинетте орналасқан Жастар саясаты бөлімінен ала аласыздар!
⠀⠀Тіркелудің соңғы күні - 21.02.2021 ж.
⠀⠀Редактуралық жұмыстар 23 ақпаннан бастау алады!
⠀⠀Барлықтарыңызға сәттілік!

Беттер