Тау самалына саяхат.

Армысыздар ОҚМПУ-дың ұлағатты ұстаздары және позитивті студенттері!

⠀⠀24 қаңтар күні Тау самалы демалыс аймағына барып демалып қайтпақ ойымыз бар!

⠀⠀Бізбен бірге болыңыз!

Сіздер мұнда:
⠀⠀Тауға серуен;
⠀⠀Керемет тимбилдинг;
⠀⠀Түскі ас;
⠀⠀Канаттармен көтерілу және түсу;
⠀⠀Сапалы видеолар;
⠀⠀Креативті фололар;
⠀⠀Қызыққа толы жол;
⠀⠀Бастысы таудан сырғанайсыздар!

⠀⠀Және осының барлығы небәрі 6000теңге!

⠀⠀Тағы ақпарат үшін:
8-771 625 05 05 Өстемір

Жаңа жыл.

Құрметті Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері! Қадірлі ұжымдастар! Келе жатқан Жаңа 2021 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл берекелі, мерекелі, ырысты жыл болсын. Әрбіріңіздің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз. 
Сіздерге деген ыстық ықыласпен ОҚМПУ Тәрбие және жастар саясаты бөлімі

Үздіктер “Оңтүстік” телеарнасында қонақта.

Бүгін “Оңтүстік” телеарнасы, “Таң нұры” бағдарламасында Шымкент қаласының үздіктері деп танылған ОҚМПУ студенттері мен үйірме жетекшілері қонақ болып қайтты.

⠀⠀Олардың қатарында “Үздік студент” номинациясын иеленген филология факультетінің магистрі - Сейтмұрат Нұрсұлу Орынәліқызы;

“Үздік ақын” номинациясында филология факультетінің ІІ курс студенті - Тоқташ Толғанай Бахадырқызы;

“Үздік пікірсайысшы” номинациясымен филология факультетінің IV курс студенті - Жолтай Алтынай Бахытжанқызы;

ОҚМПУ СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІК АТАНДЫ.

ОҚМПУ СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІК АТАНДЫ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ҮЗДІК ЖАСТАР - 2020» премиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастар 29 номинация бойынша марапатталды. 

Атадан қалған асыл сөз!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Жастар саясаты бөлімі және "ОҚМПУ жігері" еріктілер ұйымы бірлесіп "Атадан қалған асыл сөз" атты челенджін Жастар ресурстық орталығына @shymqala_zhastary, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастарына @auezov_university @auezov_zhastary жолдаймыз!

⠀⠀Шынымен де біздің ата-бабамыз өте мәнді, мағыналы, дәл қазіргі заманға керек дана, асыл сөздерді өсиет еткен.

⠀⠀Ал, біз жастардың міндеті осы өсиеттеріміз бен салт-дәстүрімізді жандандыру.

⠀⠀"Жамандықтың пайдасы жоқ,

Отырар төбеге саяхат.

Рухани баю бұл - естіп, көріп, бастысы түсіну.

⠀⠀Желтоқсан айының 1 жұлдызында университетіміздің жастар бөлімінің ұйымдастыруымен Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай туған жері Отырар төбеге барып, ұлы тұлғаға тағзым жасап, тарихқа біршама тамсанып қайтты.

⠀⠀Тек Отырыр төбеге емес, рухани азық алу үшін Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне зиярат етіп қайтты. Тарихымыздың тұғырлы тұлғаларының естеліктерімен танысып, тәлім алып қайтты.

Біздің кезекті "Студент махаббаты" айдары! #2

Біздің кезекті "Студент махаббаты" айдары!  #2

⠀⠀МЕН СҮЙЕМІН СТУДЕНТТІК ӨМІРДІ

Естен кетпес студенттік шақтарым,
Айтар әркез қызық, думан, тәтті әнім,
Оқу-білім, ғылым жолын ұсынар
Сенен артық ғажап кезді таппадым.

Әр сабақты оқып жүрміз зейінмен,
Білгір маман болып шығам кейін мен,
Жан дүниесін назарға алып адамның
Сырласамын әрбір жанмен пейіл кең.

Шым қаланың бетке алып шырайын,
Өмір-тартыс,  бәсекелес күн-айым.
Кереметтей өткіземін әр сәтін
Қызыл диплом қолға алып ылайым.

"Еңселі елдің Елбасы" атты патриоттық тақырыпта байқауының қорытындысы.

2020ж 28-қараша күні жастар арасында патриоттық  сананы  қалыптастыру Елбасының  Қазақстан  халқына  Жолдауында «Өз бойымызда  және  бабаларымыздың бойында  жаңа  Қазақстандық  патриотизимді тәрбиелеуіміз  керек». Бұл  ең алдымен елге  және  оның  игіліктеріне  деген  мақтаныш  сезімін  ұялатады», - деген  сөзінің  өзі «Балам  деген  жұрт  болмаса, жұртым  дейтін  бала  қайдан  болсын» деген  Ахмет  Байтұрсынұлының  сөзімен дәлме-дәл  келгендей.

Пікірсайыс - пікірсайысшы үшін емес, пікірсайыс - қоғам үшін!

Пікірсайыс - пікірсайысшы үшін емес, пікірсайыс - қоғам үшін!

⠀⠀Күні кеше оқу ордамызда университетішілік керемет пікірсайыс өтті.

⠀⠀Пікірсайыстың мақсаты тек әдемі сөйлеу емес, бәлки үлкен ізденіспен, қажырлы еңбекпен, жауапкершілікті сезініп сөйлеу. Жәй ғана сөз емес, оны іске асыру.
Негізінен ой жақсы болса, сөз жақсы, сөз жақсы болса, әрекет жақсы болады.

⠀⠀Бір пікірсайысты 100 адам қарап, өзіне пайда алған, ойын өзгерткен, миын жұмыс жасатқан 1 адам болса, бұл пікірсайысшылардың жеңісі.

"Елбасы - кемеңгер көшбасшы" атты пікірсайыс ойыны

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген университетішілік "Елбасы - кемеңгер көшбасшы" атты пікірсайыс ойыны жақсы деңгейде өтті.

Беттер