Пікірсайыс дегеніміз не?

Осы уақытқа дейін сізде мынадай сұрақтар туындаған болар:

⠀⠀-Пікірсайыста ұрсып қала ма?
⠀⠀-Пікірсайыста мойындамай тұра берсең, жеңесің бе?
⠀⠀-Пікірсайысшылар көп, бос сөйлейді, иә?
⠀⠀-Жалпы пікірсайыс дегеніміз не?

⠀⠀Осы сұрақтар қызықтырса, бүгін, яғни 26.11.2020 күні, сағат 14:40-та болатын тікелей эфирді жіберіп алмаңыз!

⠀⠀Өздеріңіз секілді 1,  2-курс студенттері сіздерге пікірсайыс  үлгісін көрсетеді .

⠀⠀Бүгінгі тақырыптар:

"Еңселі елдің Елбасы" атты патриоттық тақырыпта байқау!

Иәә, міне жаңалық!

⠀⠀Құрметті көркем сөз шеберлері! Арнайы сіздер үшін Жастар саясаты бөлімі факультетаралық "Еңселі елдің Елбасы" атты патриоттық тақырыпта байқау өткізеді.

⠀⠀Байқау - офлайн.

⠀⠀Шарттары 26 қараша күні сағат 16:00-де үлкен мәжіліс залында ІРІКТЕУ кезеңі өтеді.
Финалдық сайысқа тек 12 студент қана өтетін болады.

⠀⠀Финалдық сайыс 28 қараша күні үлкен мәжіліс залында (көрерменімен) сағат 15:00-де өтетін болады.

⠀⠀Іріктеу кезеңіне патриоттық бір өлең жаттап келсеңіз жеткілікті.

Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай туған жері Отырар төбеге саяхат!

Қайырлы күн құрметті студенттер және ұлағатты ұстаздар!

⠀⠀Біз Жастар саясаты бөлімі 29.11.2020ж. күні карантин талаптарын орындай отырып, Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай туған жері Отырар төбеге баруды жоспарлап отырмыз.
⠀⠀Ұлы тұлғаға тағзым жасай отырып, Арыстан баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне зиярат етпек ниетіміз бар.

⠀⠀Бізге қосылып барам деуші барша ұстаздар мен студенттер 8-771 625 05 05 (Өстемір) номеріне хабарласыңыздар.
Жолдың бағасы 2500тг, түскі ас өздеріңізден.

⠀⠀Ескерту

#2 ЖАСТАР САЯСАТЫ БӨЛІМІ -“Алтын қауырсын” поэтикалық ұйымы

Қайырлы кеш, достар!
Бүгін түркі тарихында есімі алтын әріппен сақталған-Жүсіп Баласағұнидің кезекті өлеңін назарларыңызға ұсынамыз
Бұйырса, әр апта сайын ақын өлеңдерін жариялап тұратын боламыз. 

Оқыған:@_merryy_13

#жүсіпбаласағұни
#жүсіпбаласағұни1000жыл

Құрметтім, ал сіз біздің кезекті шығарылымды күтесіз бе? 

"Студент махаббаты" атты рубрика.

Қайырлы күн достар! Біз әр апта сайын "Студент махаббаты" атты рубриканы шығарамыз. Яғни сіздер университетімізді қалай жақсы көретініңізді осы айдар арқылы көрсете алатын боласыздар!
⠀ Ал алғашқы туындыны қабыл алыңыздар. #1

⠀⠀Менің УНИВЕРІМ ОҚМПУ.

Мектептің соңғы күндері
Ойлантып мені жүргені
Қалай болады өмірім
Біткен соң Мектеп ендігі

Ойланам қалай білмедім
Алғаш жалғыз келгенім
Шымкент деген шахарға
Универімді сонда көргенім

Басында болдық балмұздақ
Түсінсең қызық осы шақ

«Алтын қауырсын» поэтикалық ұйымы.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің жанынан ашылған «Алтын қауырсын» поэтикалық ұйымының ресми парақшасы.

Ұйымның мақсаты: университет студенттері арасында қазақ әдебиетін насихаттап, жоғары деңгейге көтеру.Сонымен қатар, ізденушілердің өзін-өзі басқаруын қалыптастыру.

Жүсіп Баласағұнидың 1000 жылдығы!

#1 Биыл түркі әлемінің әйгілі ойшылы, ғылым тұғырына тұрақтаған, асқақ ақын ретінде әлем жадында сақталып келе жатқан белгілі тұлға—Жүсіп Баласағұнидың 1000 жылдығы! Мерейтой құрметіне орай ақын жырынан үзінді. 

Оқыған:@zhanat_begaly

#жүсіпбаласағұни1000жыл
#жүсіпбаласағұни1000жыл

1 курс апталығында өткен "ОҚМПУ land" квест ойынынан үзінді.

1 курс апталығында өткен "ОҚМПУ land" квест ойынынан үзінді.

Жеңімпаз студенттерді шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта квест ойындарының болғанын қалайсыз ба?
Ұйымдастырсақ қатысасыз ба?

#ОҚМПУland #квест #Жастар #ОҚМПУЖастары
#Жастарсаясатыбөлімі
#Студенттік_ректорат

"Болашақ" пікірсайыс орталығы өзінің жас буындары арасында "Ice cream CUP" ішкі турнирін өткізді.

Қайырлы күн, достар!

ОҚМПУ жастар саясаты бөлімі жанынан құрылған "Болашақ" пікірсайыс орталығы өзінің жас буындары арасында "Ice cream CUP" ішкі турнирін өткізді.

Елімізде орын алып жатқан карантин режиміне байланысты университет қабырғасына кіру мүмкіндігі болмағандықтан турнирді ашық аспан астында, табиғат аясында өткізуге тура келді.

Турнирде ерекше атмосфера сыйлауға өз күшін салған✅
Бас ұйымдастырушы: Бегалықызы Жаңыл

Турнирдің әділ өтуіне себеп болған, төрешілердің әділ шешім шығаруын қадағалаған✅

Беттер