ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Халықтар достығы университетінде өткен "Маусымашар 2019" аймақтық ашық пікірсайыс турнирінде ОҚМПУ студенттері жүлделі орындар иеленді. АПФ форматында физика-математика факультетінің студенттері Сапарбек Гүлажар және Әбдісейіт Аймереке чемпион атанса, ЛД форматында физика-математика факультетінің 4-курс студенті Мүслім Өстемір бәрінен үздік шықты.

ОҚМПУ-де Білім күні атап өтілді

ОҚМПУ-де Білім күні салтанатты жағдайда атап өтілді. Мерекеде бірінші курс студенттерін ұстаздар, БАҚ өкілдері және "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтады. Биыл білім ордасының бірінші курсына 2 мыңға жуық студент қабылданып отыр. Оның 778 мемлекетік білім грантымен, 940-ы ақылы негізде және 20 бала шартты түрде оқуға қабылданған. Ал магистратура бойынша 97, доктарантура бойынша 7 студент білімін әрі қарай жалғастыратын болады.

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ОҚМПУ-нің 3 курс студенті Лина Каримова қазақтың ұлттық ойыны-тоғызқұмалақтан V рет өткен әлем чемпионатының алтын мелалін жеңіп алды. Дүниежүзілік спорт додасына 16 мемлекеттің 100-ден астам спортшысы қатысты.

 

Студентка 3 курса ЮКГПУ Лина Каримова выиграла золотую медаль на V чемпионате мира по казахской национальной игре – тогызкумалак. Более ста спортсменов из 16 стран соревновались в остроумии и ловкости.

 

«Үздік жас маман - 2019» байқауы өтті

ОҚМПУ-де 4-курс студенттері арасында факультетаралық «Үздік жас маман - 2019» байқауы өтті. Байқау шығармашылықпен жұмыс істей білетін ұстазды анықтауға, озық педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталды. Сайыс өзін-өзі таныстыру, ситуациялық тапсырмалар және ашық сабақтан үзінді көрсету секілді үш кезең бойынша өтті. Байқауға Назарбаев зияткерлік мектебінің үздік мұғалімдері, облыстық, қалалық білім беру мекемелерінің жетекші мамандары және жұмыс беруші тараптың мекеме басшылары қазылық жасады.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ОҚМПУ-дің педагогика кафедрасына қарасты «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3-курс студенттерінен құрылған «Жан нұры» тобы республикалық пән олимпиадасында жүлделі орынға ие болды. "Өзін-өзі тану" пәні бойынша ұйымдастырылған білім сайысыі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті.

 

 

Шымкентте «Студенттер үйі» ашылды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін іске асыру аясында салынған 350 орындық №4 Студенттер үйінің ресми ашылу іс-шарасы өтті.

"Жігіт сұлтаны" және "Қыз Жібек ару" cайысы өткізілді

"Әз Наурыз" мерекесіне орай ОҚМПУ-де факультеттер арасында "Жігіт сұлтаны" және "Қыз Жібек ару" өнер, білім, сән сайысы өткізілді. Ондағы мақсат өскелең ұрпаққа қазақи дәстүр мен салтты, бозбала мен бойжеткеннің бойынан табылуы тиіс ізгі қасиеттерді таныту болды. Жастардың ерекше қызығушылығын туғызған байқауда филология факультетінің 2 курс студенті Балқыбек Нұрислам "Жігіт сұлтаны" атанса, "Қыз Жібек ару" бас жүлдесін педагогика-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті - Сандыбай Аида иеленді.

 

ОҚМПУ-де Ұлыстың ұлы күні әз-Наурызды тойлауды өзбекстандық студенттер бастады

ОҚМПУ-де Ұлыстың ұлы күні әз-Наурызды тойлауды өзбекстандық студенттер бастады. Ежелгі дәстүрлерді сарқыттайын сақтаған өзбек ұлтының жастары бұл күні салт-дәстүрге негізделген сахналық көріністер көрсетіп, ән-би өнерін паш етті. Олар Наурыз көже әзірлеп, жұртты қонақ етті. Сондай-ақ көпшілік өзбектерде Наурыздың бас тағамы есептелетін сумәләктан да дәм татты. ОҚМПУ-де бүгінде өзбекстандық студенттерден бөлек, Ресей, Қытай, Түркіменстан және Грузия елінің жастары білім алуда.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ОҚМПУ- дің филология факультеті студенттері көркем сөз оқудың хас шебері екендерін дәлелдеді. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын студенттер көркем сөз оқу байқауында ерекше мәнерімен дараланып, 1-ші және 3-ші орынды иеленді. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Жайдарман 26.02.2019 ж

Бүгін "Жұлдызды онкүндіктің" көптен күткен әзіл күні болып, "Факультетаралық" жайдарман сайысы болып өтті.
Жайдарманға барлық факультеттер өздерінің тұщымды, өткір әзілдерімен келіп қатысты.

Беттер