Жаңалықтар

“Жас Отан” Жастар Қанатының ұйымдастыруымен жаңарған, түрленген Түркістанды көруге оқу ордамыздың белсенді жастары барып қайтты.

03.04.2021ж. күні Жастар саясаты бөлімінің және “Жас Отан” Жастар Қанатының ұйымдастыруымен жаңарған, түрленген Түркістанды көруге оқу ордамыздың белсенді жастары барып қайтты.

⠀⠀Сапарымыз әрине карантиндік ережелерді сақтаудан, түсіндірме жұмыстарынан басталып, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етумен және жаңа Түркістанға сән берген “Керуен сарайын” көрумен бір демалыс күнін өткізіп қайтты.

⠀⠀Жастарымыздың ішкі туризмді қолдайтыны қатты қуантады. 

“Жақыныңа жанашыр бол” челенджі.

Армысыздар!

⠀⠀Біз Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Жастар ресурстық орталығының бастауымен өтіп жатқан “Жақыныңа жанашыр бол” челенджін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен @auezov_university қабыл алып, Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясына @medacadem_skma жолдаймыз!

⠀⠀Өмірімізді сақтайық!
@akimat_shymkent 
@shymqala_zhastary

Түркістанға саяхат.

Құрметті студент, бізбен бірге күллі түркі жұртының тарихи астанасына айналған Түркістан қаласында, көңілді ортамен ерекше демалыс өткізгіңіз келеді ме? 

  Олай болса сіздер үшін керемет жаңалық! 
  Сіздерді сәуір айының 3-ші жұлдыздында, бізбен бірге киелі Түркістанның жаңашылдықтарымен танысуға шақырамыз!

  Саяхат бағдарламасы:
* Арыстан баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
* Жастар ресурстық орталығы 
* Керуен сарай 
* Түркістан қалалық әкімшілік

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Silkway Халықаралық университеті және “Шымкент-адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындар арасында өткен “Шешен кісі сөз бастар, әділ кісі - ел бастар” атты SWIU президенті кубогына арналған қалалық интелектуалды ойынында Физика-математика факультетінің 1-курс студенті Ауешов Аманжол 1-орынды, Жаратылыстану факультетінің 1-курс студенті Есенгелді Жасұлан 2-орынды иеленді. 
@anticorruption.shymkent @kambarzhanik @rakhatargynbai @amanonline_gn 
@zh_maratuly

«Әз наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі».

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2021 жылы 20-21 наурыз күндері  Жастар саясаты бөлімі және «Болашақ» пікірсайыс клубы «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесі қарсаңында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Әз наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» атты тақырыпта жоғары оқу орындарының арасында қалалық  пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.

"Тәуелсіздіктің тұғырлы 30 жылдығы" атты қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елбасы Академиясының қолдауымен Ұлттық пікірсайыс федерациясының ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында 13-14.03. 2021 ж. күндері "Тәуелсіздіктің тұғырлы 30 жылдығы" атты  қалалық  пікірсайыс турнирі болып өтті.
⠀⠀Бұл сайыста оқу ордамыздың пікірсайысшылары қарап қалмады.
⠀⠀АПФ форматы бойынша І орынды Филология факультетінің 3-курс студенті Пірімқұл Жанерке иеленсе,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде факультетаралық «Жайдарман» КТК ойындары өтті.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде факультетаралық «Жайдарман» КТК  ойындары өтті.  Ойынға «Жайдарман»-Шымкент филиалының директоры, Жоғарғы лига чемпионы Достаев Марат Қамбарұлы, «Байдың балалары» командасының капитаны,  Жоғарғы лига чемпионы Нұрым Досбол, «Мақтарал» ФК баспасөз хатшысы, аға буын  жайдарманшы Нұралиев Тағай Әбілқайырұлы, Оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы, Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Айнабек Айдана Еркінқызы қазылық етті. 

Беттер