Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде факультетаралық «Жайдарман» КТК ойындары өтті.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде факультетаралық «Жайдарман» КТК  ойындары өтті.  Ойынға «Жайдарман»-Шымкент филиалының директоры, Жоғарғы лига чемпионы Достаев Марат Қамбарұлы, «Байдың балалары» командасының капитаны,  Жоғарғы лига чемпионы Нұрым Досбол, «Мақтарал» ФК баспасөз хатшысы, аға буын  жайдарманшы Нұралиев Тағай Әбілқайырұлы, Оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы, Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Айнабек Айдана Еркінқызы қазылық етті. 
Филология факультетніен «Болашақ» құрама командасы 3-орын,  Тарих және педагогика факультетінен «Гүлдер-ай би ансамблі» құрама командасы 2-орын,  Физика-математика факультетінен «Олигарх» құрама командасы 1-орынды иеленді.  Өнер және білім факультетінен «Композиция», Жаратылыстану факультетініен «Жар-фак» құрама командалары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.  Тарих және педагогика факультетнің 1-курс студенті Аязбай Рақымберді «Үздік ойыншы» номинациясын  алды.