"Тәуелсіздіктің тұғырлы 30 жылдығы" атты қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елбасы Академиясының қолдауымен Ұлттық пікірсайыс федерациясының ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында 13-14.03. 2021 ж. күндері "Тәуелсіздіктің тұғырлы 30 жылдығы" атты  қалалық  пікірсайыс турнирі болып өтті.
⠀⠀Бұл сайыста оқу ордамыздың пікірсайысшылары қарап қалмады.
⠀⠀АПФ форматы бойынша І орынды Филология факультетінің 3-курс студенті Пірімқұл Жанерке иеленсе,
ІІІ орынды Физика-математика факультетінің 4-курс студенті Сапарбек Гүлажар, "Үздік талпыныс" номинациясын Физика-математика факультетінің 4-курс студенті Абдісейіт Аймереке мен Филология факультетінің 2-курс студенті Тоқташ Толғанай иеленді.
⠀⠀Жеңімпаздарды университетіміздің басшысы Гүлжан Дәулетбекқызы шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.