«Әз наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі».

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2021 жылы 20-21 наурыз күндері  Жастар саясаты бөлімі және «Болашақ» пікірсайыс клубы «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесі қарсаңында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Әз наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» атты тақырыпта жоғары оқу орындарының арасында қалалық  пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.

⠀⠀Турнир жоғары деңгейде өтті. Олай деуге себеп, қалалық деңгейде болғанымен, Шымкент пікірсайысшыларынан бөлек Нұр-Сұлтан, Павлодар, Алматы қаласы мен облысынан және Түркістан облысынан пікірсайысшылар қатысты.

⠀⠀Пікірсайысшылар ұлттық мерекеміз Ұлыстың ұлы күнін керемет деңгейде тойлады.

⠀⠀Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын

@bolashak_okmpu