СТУДЕНТТІК РЕКТОРАТ

СТУДЕНТТІК РЕКТОРАТ

 СТУДЕНТТІК РЕКТОРАТ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМЫ

Студенттік ректор - Аптықай Аян Бақытжанұлы

Оқу істері жөніндегі студенттік проректор - Абыз Жансұлу

Тәрбие істері жөніндегі студенттік проректор - Жаңыл Бегалықызы

Ғылыми істер жөніндегі студенттік проректор - Тоқтамыс Нұрболат

Кәсіподақ ұйымының төрағасы - Пазылхан Асылзат Пазылханқызы

Филология факультетінің студенттік деканы - Жақсыбек Жанна

Жаратылыстану факультетінің студенттік деканы - Нурмаханова Аяна Өмірайқызы

Педагогика-гуманитарлық факультетінің студенттік деканы - Сапарбек Индира

Кәсіптік және шығармашылық факультетінің студенттік деканы - Аликулов Арсен

Физика-математика факультетінің студенттік деканы - Слаихан Ақдидар

Спорт және дене шынықтыру факультетінің студенттік деканы - Раушанова Шарайна  

         Оқу үрдісінде тәрбие, тәртіп сапасын арттыру, үйлестіру және әкімшілік жұмысын жүргізу, студеттік ректораттың басты мақсаты.

         Студенттік ректораттың орындайтын міндеттері:

-  студенттерінің маңызды бастамалырын қолдау және жүзеге асуына ықпал ету;

- студенттердің факультет, университет өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету, жанұялы, жалғызбасты студенттердің тұрмыс – тіршіліктерін зерттеп, жан-жақты қолдау;

- студенттер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу бағытында пәрменді жұмыстар жүргізу;

- студенттер өткізетін әлеуметтік сұраулар, сауалнамалар арқылы оқу үрдісінің сапасы туралы студенттер пікірін тұрақты бақылау жұмысын ұйымдастыру;

- университеттегі оқу, тәртіп пен ұйымшылдықты қолдап, ұстап тұру;

- студенттердің құқықтары мен міндеттерін таныту, талас, жанжал тудыратын мәселелерді шешуге қатысу;

- студенттердің ғылыми және кәсіби міндеттерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыратын ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;

- тиімді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге, студенттердің ғылыми ізденістерін жүргізу дағдыларын дамытуға әрекеттес болу;

- әлеуметтік серіктестік принципін дамыту, студенттермен ПОҚ, сондай-ақ университет әкімшілігі арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу;

- мүгедек, аз қамтамасыз етілген студенттердің әлеуметтік жағдайын талдап, зерттеп, тиісті ұсыныстар жасау;

- университет деңгейінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді әдістерін әзірлеу;

- студенттік ректорат өз жұмысында барлық студенттік декандармен, ұйымдармен, үйірмелермен және студенттік кәсіподақ ұйымының мүшелерімен өзара әрекеттестікте болады.