"LOTUS" қыздар клубы

 

«LOTUS"» қыздар клубы

Қанатова Балнұр Байғалиқызы

"LOTUS" қыздар клубының төрайымы

 

"LOTUS" клубының төрайымы - Қанатова Балнұр Байғалиқызы, Филология факультетінің 4 курс студенті.

Ұйым мақсаты: Университеміздегі  студент қыздарымыздың дүниетанымы мен білімін, руханият көкжиегін кеңейту мақсатында іс- шаралар жүргізу.

Ұйым міндеті: Студент қыздардың қазіргі заман талабына сай саналы, білімді, инабатты болмысының қалыптасуына ықпал жасау.Сол орайда жұмыс бағытын үшке бөліп қарастырдық. Қоғамдық іс- шаралар, мәдени іс-шаралар және қайырымдылық іс- шаралар негізінде клуб мүшелерімен жұмыс істеу көзделеді.

Ұйым ережесі: Анкета толтыру барысында қалаған бағытын белгілеп көрсету, курсқа белгіленген уақыттан кешікпей келу, жүктелген тапсырмаларды орындау, жауапкершілікпен қарау, курс жетекшісі және курс мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болу, өз мамандығы бойынша пәндерін қалдырмау.

«Лотос» қыздар Ұйымының нәтижесі: Әрбір студенттің өмірге деген көзқарасын өзгерту. Қыздардың бойына білімге, мәдениеттілікке, адамгершілікке және еңбекқорлыққа деген қасиеттерді дарыту. Патриоттық сезімін ояту.

«Лотос» қыздар ұйымының жұмыс бағыты:

  • Іс-шаралар ұйымдастыру бағыты;
  • InfoMatrix бағыты;
  • Көшбасшылар мектебі:
  • Шешендік өнер;
  • Қолөнер бағыты;
  • Дәмді әлем бағыты;
  • «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық бағыты.  

English world:

Мақсаты: Елбасымыздың «Қазақстан-2030» Стратегиясында айтып кеткеніндей еліміз үштұғырлы тіл саясатын ұстанғандықтан, қазақ және орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін де жетік меңгеруіміз керек. Сол себепті әрбір білімгер ағылшын тілін оқып үйренуге міндетті. English world бағытының мақсаты білімгерлердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, еркін сөйлей алатын дәрежеге жеткізу.

Міндеті: Сабақ барысында қыздарға ағылшын тілінің маңыздылын түсіндіру. Жаңа технологиялар мен көрнекілік құралдарды қолдана отырып, сабақ жүргізу. Тек түсіндіру емес, сонымен қатар жазу, оқу, тыңдау және сөйлеу қабілеттілігін арттыру.