Тәуелсіздігіміздің мерейлі 25 жылдығына арналады.

            

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасындағы, факультетаралық «Тәуелсіздікке 25 жыл»  тақырыбында ОҚМПИ «Жас Отан» ЖҚ бағдарламасына сәйкес волейбол ойынынан жарыс өткізілді.

Таңғы жаттығу өткізілді

 ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов бекіткен жоспарға сай 2016 ж 3 ақпан күні жоғары оқу орындарында «Таңертеңгілік жаттығу» өткізу мақсатына байланысты аталған күні сағ. 9.30-да ОҚМПИ бас ғимаратының Студенттер алаңы мен 306-дәрісханасында өткізілген жаттығу 450 студент, институттың «С» ғимаратында 70 студент қатысты. Арнайы спорт мамандарымен бірге ұйымдастырылған таңғы жаттығуға өз деңгейінде барлық оқу топтарын қамту арқылы өткізілді. 

Елбасының жолдауы және сайлау науқаны жөнінде жастар арасында насихаттау жұмыстары бастау алды

  ҚР Президенті Жолдауын насихаттау мақсатында 2016 жылдың 5.02.-15.03 аралығында институт басшылары мен факультет декандарының студенттермен кездесуі тәрбие істері жөнінде проректордың өкімі бойынша профессор оқытушылар және жастардан құралған жұмыс тобы өз жұмысын № 1 студенттер үйінен бастады.Кездесу барысында белгілі тарихшы Б.Айтай жолдауға және сайлау науқанына байланысты  саяси сауаттылыққа толы баяндамасын жасады. Институттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Н.Пазылбеков жастарды ішікі тәртіпті сақтап, үлгілі студент болуға шақырды.

ОҚМПИ ақпараттық-насихаттық тобының (АНТ) жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, теріс пиғылды діни ағымдар мен секталар насихатының алдын алу мақсатында семинар өткізілді

  «Деструктивті, экстремистік ұйымдар мен олардың түрлерін, діни ұйымдарды жақтаушылардың әлеуметтік-психологиялық портреті» тақырыбында семинар төмендегі бағдарлама бойынша өткізілді.

1. КІРІСПЕ СӨЗ

Байғұтова Ақлима Мархабатқызы –  ОҚМПИ тәрбие істері жөніндегі проректоры

 2. ДЕСТРУКТИВТІ, ЭКСТРЕМИСТІК ДІНИ ҰЙЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

"Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстаным" тақырыбында турнир өткізілді

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына орай ЖОО арасында ОҚМПИ "Дәулет" спорт кешенінде кіші футболдан турнир өтті. Турнирді спорт шеберлігін жетілдіру бөлімімен жастар саясаты бөлімі ұйымдастырды. "Жасай бер, жаса тәуелсіз Қазақстаным" тақырыбында өткен аталмыш турнирге төмендегі командалармен жанкүйерлер тобы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

1. "Ұстаз" командасы жүлделі 1 орын- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

2. " Достық" командасы жүлделі 2 орын -Халықтар достығы университеті

3. " Сырдария" командасы жүлделі 3 орын- Сырдария университеті

"Тәуелсіздіктің ақ таңы" атты факультетаралық байқау өткізілді

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты  Жастар саясаты бөлімі, Филология факультетінің студенттік деканатының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күні мерекесіне арналған факультетаралық  «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты студенттер мен профессор-оқытушылар арасында байқау жарияланды.Байқауға оқу ордамыздың барлық факультеттерінің талантты студенттері қатысты.

  • Байқау 2 бөлімнен тұрды ;

І бөлім

«Болашаққа бастар 100 қадам» факультетаралық интеллектуалды байқау ұйымдастырылды.

  Жастар саясаты бөлімінің студенттік ректорат ұйымының жоспарына сәйкес жастарды білім мен ғылым саласына жетелеу мақсатында «Болашаққа бастар 100 қадам» факультетаралық интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды.

ОҚМПИ жайдарманшылары ширек финалда үздік өнер көрсетті

« До-ре-ми» және «Сөз сүйетін сұлулар» КТК командаларының ¼ ойындарында үздік өнер көрсетіп финалдық ойындарға жолдама алды. Студенттер оқу орнымыздың атынынан шыққан командалардың аттары жазылған түрлі түсті плакаттармен жанкүйерлік көрсетті.

ОҚМПИ жастары жаңа жолдауды талқылады

30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу,реформалар,даму» тақырыбындағы Елбасының халыққа жолдауын жастар арасында талқылау мақсатында«ОҚМПИ Студенттер альянсының» ұйымдастыруымен Н.Ә.Назарбаев орталығында қаламыздағы ЖОО ның студенттерінің қатысуымен кездесу болып өтті.

«Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында кездесу.

ОҚМПИ жастары Елбасының студенттік өмірімен танысты. 
 «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәжіліс залында «Жас Отан» Жастар қанаты Елбасының Днепродзержинскідегі курстасы Тельман Спаев ағамызбен кездесті. 
Тельман Спаев ағамыз жастарға, Президент тек өз тобында ғана емес, училишедегі ең үздік тәлімгердің бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін, кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісетінін атап өтті. 

Беттер