«Жұлдызды онкүндіктің» келесі тізгінін Кешкі оқыту және дайындық факультеті жалғастырды.

«Жұлдызды онкүндіктің» келесі тізгінін Кешкі оқыту және дайындық факультеті жалғастырды. Факультеттің бір топ студент жастары Сайрам ауданы Қасымбек датқа ауылында орналасқан «Бауыржан отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» үйінде «Жас ұрпақ – біздің болашақ» атты концерттік іс-шара өткізді. Ән айтылды, би биленді, ойын ойналды, бүлдіршіндер сыйлықтармен марапатталды. Ұжым басшысы Нұрпейісов Саттар ағай біздің шәкірттерімізге алғысын айтып, алдағы уақытта шығармашылық байланыс орнатуға ықылас білдірді.

22.02.2019 ж. күні «Назарбаев орталығында» Шымкент қаласындағы ЖОО ғалымдарының қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын насихаттау

22.02.2019 ж. күні «Назарбаев орталығында» Шымкент қаласындағы ЖОО ғалымдарының қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын насихаттау мен түсіндіру мақсатында «Карен Армстронгтың «Құдайтану баяны», оның бүгінгі қазақстандық қоғамдық сананы өзгертудегі орны мен рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

2019 жылдың 21 ақпан күні жұлдызды онкүндік шетел студенттеріне де арнап арнайы бір күнді қарастырған болатын. Осы мақсатта, Өзбекстан студенттерінің арасында "Науаи оқулары" байқауы болып өтті.

2019 жылдың 21 ақпан күні жұлдызды онкүндік шетел студенттеріне де арнап арнайы бір күнді қарастырған болатын. Осы мақсатта, Өзбекстан студенттерінің арасында "Науаи оқулары" байқауы болып өтті.

ОҚМПУ-і студенттері "Канн" кинофестивалінің жүлдесіне ие болған "Айка" көркем фильмінің Шымкент қаласында өткен тұсаукесер көрсетілімін тамашалады. Олар көрсетілімнен соң фильмнің басты кейіпкерін сомдаған актриса Самал Еслямовамен кездесті.

ОҚМПУ-і студенттері "Канн" кинофестивалінің жүлдесіне ие болған "Айка" көркем фильмінің Шымкент қаласында өткен тұсаукесер көрсетілімін тамашалады. Олар көрсетілімнен соң фильмнің басты кейіпкерін сомдаған актриса Самал Еслямовамен жүздесіп, ықылас гүлін сыйлады. Сондай-ақ фильм режиссері Сергей Дворцевоймен де пікірлесті. Әңгіме барысында студенттер туындыны түсіру кезеңдері, шығарманың көркемдік шешімі, актерлардың шеберлігі жайына қанықты.

"ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ" Факультетаралық жайдарманІ МАУСЫМАШАР! КЕЛЕМІЗ! КӨРЕМІЗ! КӨЗАЙЫМ БОЛАМЫЗ!

ЖҰЛДЫЗДЫ ОНКҮНДІК

2019 жылдың 18 ақпан күнінен бастап, Жастар саясаты бөлімі және студенттік ректораттың ұйымдастыруымен ОҚМПУ жастарының арасында дәстүрлі "STAR WEEK-2019" онкүндігі басталды. Жұлдызы жарқырайтын факультетті алдағы уақытта көретін боласыздар! Баршаға СӘТТІЛІК!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2019 жылдың 23 қаңтар күні Астана және Алматы қалаларынан соң алғаш болып оқу ордамызда қалалық "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі (орталықтандырылған) салтанатты түрде ашылу салтанаты болып өтті.

Шымкент қаласы әкіміінің "ҮЗДІК ЖАСТАР" байқауының "ҮЗДІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ" номинациясын педагогика-гуманитарлық факультетінің 3 курс студенті, студенттік ректор Тасболат Бекдаулет Бейсенбайұлы иеленді! Құттықтаймыз!

Шымкент қаласының "ҮЗДІК ЖАСТАР" премиясында "ҮЗДІК ЖАС СУРЕТШІ" номинациясын ТИШКИНБАЕВ АЛИБЕК иеленді.

Түркістан облысының үздік жастары марапатталды. Оқу ордамыздан "Үздік жас ақын" сыйлығына, 117-26 тобының студенті, жас айтыскер-ақын - Нұрғали Әнапия ие болды. Құттықтаймыз!

Түркістан облысының үздік жастары марапатталды.
Оқу ордамыздан "Үздік жас ақын" сыйлығына, 117-26 тобының студенті, жас айтыскер-ақын - Нұрғали Әнапия ие болды. Құттықтаймыз! 

Беттер