«ҚОҒАМДА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР ЫҚПАЛЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбында, "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог-маманы Байманова Тыныштық Сейілбекқызымен кездесу өтті.

03.02.2021 ж. «ҚОҒАМДА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР ЫҚПАЛЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбында ҚМДМ Шымкент қаласы Абай ауданы Темірші ата мешітінің имамы Қалшабеков Ербол Тастанбекұлы және  Шымкент қаласы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог-маманы Байманова Тыныштық Сейілбекқызымен кездесу  өтті. Жиынды Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, белгілі теолог, дінтанушы Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы жүргізді. Аталмыш жиынға, факультет студенттері мен  Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор А.М.Байғұтова, “Рухани жаңғыру” басқармасының басшысы Қ.С.Анарбаев,  Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі А.Е. Айнабек, Жастар саясаты бөлімінің мәдени іс-шараларды ұйымдастырушысы Ө.А.Мүсілім, Қашықтықтан, кешкі оқыту және дайындық орталығының басшысы  Г.Жүсіпова, Информатика кафедрасының меңгерушісі Л. Сүлейменова, Тарих және педагогика факультетінің аға тәлімгері Ж.Кульбаева, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының инспекторы Бақдәулет Айтуарұлы және т.б. қатысып, студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Студенттер діни ағымдарға байланысты түсініктерін дұрыс қалыпастыруларына ықпал еткен қонақтарға ризашылығын білдірді.
@shymqala_zhastary