Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойы.

05.02.2021 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойына және Тәуелсіздік алғанымызға  30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік таланттары» тақырыбында әлеуметтік желілер арқылы өзіндік ерекшелігімен шығармашылғы республикамызға танылып үлгерген жас ақын, «Жасуша ішіндегі жалғыздық» жыр жинағының авторы Қуат Дәуренұлымен және  жақында ғана  Түркістан облысының «Үздік жас  жазушысы» атанған, психологиялық-әлеуметтік тақырыпта жазылған «Кедей қызы» повестер мен әңгімелер жинағының авторы Абылайхан Есімбаймен әдеби-шығармашылық кеш болып өтті. 
Аталған  жиынға, филология факультетінің 1-курс студенттері қатысты. Тәуелсіздік дәуірінде туылған жас талант иелерінің өзіндік тың шығармашылық ойлары талқыға түсіп, студенттеріміз тарапынан қызықты сұрақтар қойылып,  жастарымызға тағылымды пікірлер мен кеңестер айтылды, авторларымыз өз шығармаларынан өлеңдер оқып, туындыларының шығу тарихына тоқталып өтті. 

Жас жазушы – Абылайхан Есімбай өзінің жақында ғана тұсауы кесілген «Кедей қызы» атты повестер мен әңгімелер жинағын көрермен студенттерімізге сыйға тартты.