«Кітап сыйлаймын» блиц-акциясы.

ОҚМПУ-лықтарды  14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 15:00-16:00 аралығында бас ғимараттың орталық фойесінде өтетін «Кітап сыйлаймын» блиц-акциясына шақырамыз! 
 
Бұл жерде сіздер  жай ғана кітап алмасып қоймай, ой-пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар. Сіз өзіңіз әкелген кітап санымен бірдей кітап ала аласыз. Сіз өзіңіз оқыған сүйікті кітабыңызды сыйға тартып, орнына басқа замандасыңыз оқыған сүйікті кітабын сыйға аласыз.
 
Дегенмен, ұйымдастырушылар өз қалауы бойынша кітаптарды қабылдамауға құқылы.
 
Сондай-ақ, мұнда:
- арнайы салаға қатысты еңбектер;
- ғылыми әдебиеттер, 
- энциклопедия; 
- жыртылған, күтіліп ұсталмаған кітаптарды әкелуге болмайды.
 
Сізге ерекше әсер қалдырған:
- көркем проза;
- поэзия; 
- әлем әдебиеті; 
- фантастика;
- ғылыми фантастика;
- тұлғалық даму бағытындағы немесе бестсселлер кітаптар қабылданады!
 
Кітап алмасу сағат 15:00 мен 16:00 аралығында ғана өтеді. Сол үшін, кешікпей келіп, қатысуға тырысыңыз!
 
ЕСКЕРТУ:
 
1. Аталған іс-шараға әр факультетке арнайы  белсенді студенттерден құралған топ (тіркеуші-комиссия) қызмет көрсететін болады. 
2. Барлық факультеттердің  1-курс студенттері, жас оқытушылары мен мамандары белсенді қатысуы тиіс!
3. Іс-шараға міндетті түрде бетпердемен келулеріңізді, іс-шара аяқталғанша шешпей, карантин талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұранамыз! 
 
Сіздің жауапкершілігіңіз, салауатты қоғамның кепілі!
 
P.S.: Ерекше атсалысқан факультеттер және ерекше көзге түскен қатысушылар, ұйымдар @jasotan_okmpu  @altyn_kauyrsyn  @bolashak_okmpu @oqmpu_jigeri  арнайы алғыс хаттармен марапатталады!